Жалпы білім беретін №9 орта мектеп КММ-і (бұрынғы №40, №490, №74)

 

--МЕКТЕП ТАРИХЫ--

 

1936  жылы Гурьев-Қандығаш теміржол құрылысы жүргізіле бастады. 1938 жылы Қарақияқтыға жеткізіліп, енді Қандыағашқа қарай теміржол тарту құрылысы қолға алынды. Осында еңбек ететін теміржолшылар Қарақияқтыға келіп қоныс тебуіне байланысты мектеп ашу қажеттігі туды. Олардың көбі орыс ұлты болды. Осыған орай орыс-қазақ аралас мектебін ашу сұранысы бойынша Орынбор теміржолының басшылығына Мақат аудандық партия комитеті мен білім бөлім бастығы Мерғалиев Есен хат жолдаған. 1939 жылы №40 орыс-қазақ жетіжылдық мектебінің іргетасы қаланып, 1940 жылы 1 қыркүйекте ашылды. Ең алғашқы директоры Мерғалиев Есен болды. Кейіннен 1957 жылдан  орта мектепке айналды. Ол кезінде Орынбор теміржолына қарасты №40 мектеп, 1958-1977 жылдары Ленин орденді Қазақ теміржолына қарасты№49 мектеп, 1977-1997 жылдарға дейін Батыс Қазақстан теміржолына қарасты №74 мектеп болып келсе, 1997 жылдан бастап Алматы теміржол басқармасына қарасты №9 орта мектеп болды. 2001 жылдан аудандық білім бөліміне қарады. 1940 жылы 13 мұғалім, 280 оқушымен бастап, 2008 жылы 115 мұғалім, 863 оқушы білім алған. Қазіргі таңда  91 мұғалім еңбек етіп, 627 оқушы білім алуда. Мектеп түлектері еліміздің сан түкпірінде еңбек етуде. Олардың арасында сан мамандық иелері бар. 2 ғылым докторы, ондаған ғылым кандидаттары шыққан. 1958 жылы 24 шәкірт бітіріп шықты. Олардың ішінде мектеп мақтанышы болып отырған Жауғашты Нәбиев - Қазақстан Коммерция АҚ директорлар қызметі кеңесінің төрағасы, президенті. 1957 жылдан қазіргі кезге дейін мектеп мыңдаған түлектерді тәрбиелеп шығарды. Олардың арасынан ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер, ауылшаруашылық, ағарту, денсаулық сақтау мамандары және алдыңғы қатарлы жұмысшылар шықты.