Жалпы білім беретін №9 орта мектепте Қызылқоға аудандық білім бөлімінің №570 хат негізінде ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы  №26 бұйрығына сәйкес «міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы ереже таныстырылды.  Ұсынылған мектеп формасының үлгісі көрсетіліп, діни сипаттағы тыйым салынған киімдер тұтынуға болмайтындығы туралы айтылды. Ата-аналар тарапынан қарсы пікір болған жоқ. Осыған дейінде мемлекет ұсынған мектеп формасы сақталып келді, жаңа оқу жылында да мектеп формасымен балаларын қамтамасыз ететіндіктерін айтты.

 

 


Жалпы білім беретін №9 орта мектепте Қызылқоға аудандық білім бөлімінің №570 хат негізінде ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы       №26 бұйрығына сәйкес «міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы ереже таныстырылды.  Ұсынылған мектеп формасының үлгісі көрсетіліп, діни сипаттағы тыйым салынған киімдер тұтынуға болмайтындығы туралы айтылды. Ата-аналар тарапынан қарсы пікір болған жоқ. Осыған дейінде мемлекет ұсынған мектеп формасы сақталып келді, жаңа оқу жылында да мектеп формасымен балаларын қамтамасыз ететіндіктерін айтты.

 


 

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     

«Жалпы білім беретін № 9 орта мектеп»         

 ХАТТАМА                                                                 

17.05.2018 ж.                                                                     

Сағыз ауылы                                                                   

 

Жалпы білім беретін №9 орта мектепте жалпы ата-аналар жиналысы болды.                                                     

Төраға: Нұрбай Байзақ

Хатшы: Нұрсанова Рысты                                                                                               

Қатынасқандар: 70 адам

 

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Сахиевтың баяндамасы

 

ТЫҢДАЛДЫ:

 

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Сахиевтың баяндамасы

тыңдалып, баяндамада  мектеп ережесі, оқушы формасына қойылатын талаптар туралы айтып өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы ережемен таныстырып, діни бағытта және мектепте киюге тыйым салынған киім формалары туралы айтылды. (Арнайы слайд жасалып көрсетілді)

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Таласов Жайлау /8 сынып ата-анасы/:

Нақты форманың болмауы ата-аналар арасында да түсініспеушіліктер туғызуы мүмкін еді. Оқушы формасын бір ізге түсіргені біз үшін өте маңызды. Оқушылар әр түрлі киім кимейді және ата-анасының да қалтасына көп күш түсірмейді.

Сахиева Жаншат /4 сынып ата-анасы/:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы ережемен былтырғы оқу жылында таныстық. Мектеп оқушылары бұрыннан осы мектеп формасын тұтынады. Ұлдар үшін көк костюм шалбар, ақ жейдесімен. Қыз оқушылар үшін осы түстегі костюм-юбка ақ жейдесімен. Қыс мезгілінде ақ жейдені жылы жейдемен алмастырамыз. Юбканың ұзындығы тізенің тұсында тұруы шарт. Ал ер балалардың шалбарының балағы тобықты толық жауып тұруы тиіс. Мектеп формасы-оқушының сәні. Мектептегі балаларымызды осы  үлгіде киіндіріп отырмыз.

Ә.Ізбасова /қыздар ұйымының жетекшісі/:

Мектебімізде мектепте киюге тыйым салынған киім формаларын тұтынатын оқушы жоқ. Ұлдардың киім формасы да, қыз оқушылардың киім формасы да сақталынған. Ата-аналарға және сынып жетекшілеріне рахмет. Келесі оқу жылында осы киім үлгілерін басшылыққа аламыз.

 

  Жалпы ата-аналар жиналысы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы ережемен ата-аналарды егжей-тегжейлі таныстыру сынып жетекшілерге міндеттелінсін.
  2. Оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау ата-аналарға міндеттелінсін.

 

Жиналыс төрағасы:                                 Н.Байзақ

Хатшы:                                                       Р.Нұрсанова