Жалпы білім беретін №9 орта мектеп КММ-і кітапханасында 24089 кітап қоры, оның 17972 дана оқулық болса, 635 дана электронды оқулық, 2488 дана оқу әдістемелік құралы, 2994 дана көркем әдебиет бар.
Жыл басында Атамұра, Алматы кітап, Мектеп, Охсфорд, Эдустрим баспаларынан шыққан оқулықтарды сұраныс бойынша алып отырады.
Кітапханаға жыл сайын оқырман тартуда жұмыс жасалынып отырады. Оқырмандар кітапханадан көптеген кітаптар алып оқып танысады.
Сонымен қатар оқырманның кітап оқуға құштарлығын арттыру мақсатында кітапхананың жоспарына сай оқырмандарға кітап көрмелерін таныстыру, атаулы күндерге сай кітап таныстырылымдары, тәрбилік шаралар өткізіліп отырады. «Абайды оқы, таңырқа», «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», «30 жылдыққа 30 кітап», «Елбасы ел тірегі!», «Тәуелсіздік – тұғырым»атты көрме жасақталды. Жыл сайын 1–сынып оқушыларымен кітапханамен таныстыру саяхаты жасалады.
https://9-ortamektep.edugov.kz/kz/mektep-turaly/mektep-kitapkhanasy.html#sigFreeId0975a5094d













