Вакансия! Конкурс!

«Жалпы білім беретін № 9 орта мектеп» КММ-сі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес уақытша бос лауазым орынына, яғни мектеп тәлімгер (1 ставка) жұмысы (маман уақытша бала күтіміндегі демалыста) бойынша конкурс жариялайды.

       Конкурсқа қатысуға ниет білдірген педагог мамандар хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды.

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат;
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса)
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген);
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама;
  10. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
  11. Педагогтің бос немес уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;
  12. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысушылардың құжаты конкурс жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Конкурс  19 қазан    күні өтеді. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы, К.Жүсіпов көшесі, 22 үй. Телефон (71238) 72-2-61,+77759525574 мектеп директоры, +77789955883 іс-қағаз жүргізушісі. Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. Жалпы білім беретін №9 орта мектеп КММ.