ХАТТАМА №3
Атырау облысы 27.09.2019ж.
Қызылқоға ауданы
Сағыз ауылы К.Жүсіпов №22
«Жалпы білім беретін
№9 орта мектеп » ММ
2019 жылдың 27 қыркүйегі күні Жалпы білім беретін № 9 орта мектепте Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.
Қамқоршылық кеңес жиналысына қатынасқандар:
Тұрған Еламан - Қамқоршылық кеңес төрағасы,
ата-аналар кеңесі төрағасы
Қалиева Ақылай - Қамқоршылық кеңес мүшесі,
атқарушы орган өкілі
Сүйінова Әйгерім - Қамқоршылық кеңес мүшесі,
құқық қорғау органы өкілі
Жазит Ұлжан - Қамқоршылық кеңес мүшесі,
жұмыс берушілер өкілі
Сатаева Жангүл - Қамқоршылық кеңес мүшесі,
әлеуметтік әріптестік өкілі
Бекбауов Тасболат - Қамқоршылық кеңе мүшесі,
қайырымдылық жасаушылар өкілі
Қайыров Әсет - Қамқоршылық кеңес мүшесі,
сыныптардан ата-аналар өкілі
Бимағанбетов Талғат - Қамқоршылық кеңес мүшесі,
сыныптардан ата-аналар өкілі
Әлібеков Мырзабек - Қамқоршылық кеңес мүшесі,
сыныптардан ата-аналар өкілі
Избасова Самал - Кеңес хатшысы
Күн тәртібінде:
Мектеп оқушыларының әлеуметтік санаттарына қарай жазғы демалыс лагерлері және «Мектепке жол» акциясы аясында көмекке мұқтаж оқушылардың қамтылу жайы
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес төрағасы Е.Тұрған сөз сөйлеп, мектептегі білім алушылардың әлеуметтік санаттары мен жас ерекшеліктеріне қарай жазғы демалыс лагерлері мен «Мектепке жол» акциясы аясында қамтылу жайы туралы талдап хабарлама жасады.
Жарыссөз:
Жазит Ұлжан/қамқоршылық кеңес мүшесі,жұмыс берушілер өкілі/: Күн тәртібінде қойылған мәселе бойынша хабарламаны тыңдадық. Лагерге қамтылған оқушылардың жазғы демалысын тиімді, қызықты етіп, іс-шаралар жоспарын жасақтап, уақытында бекітілді. Сонымен қатар, көмекке мұқтаж отбасы оқушыларына жаңа оқу жылында қажеттіліктеріне қарай көмектер шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, ауыл азаматтарының демеушілігімен ұйымдастырылды.
Бекбауов Тасболат /Қайырымдылық жасаушылар өкілі/: Бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе бойынша айтар болсам,әлеуметтік жағдайларына қарай,оқудағы жетістігімен облыс, республика көлемінде алған марапаттарына қарай жазғы демалыс лагерлеріне ата-аналардың өтініштерін ескеріп, оқушылар сараланып қамтылды.Тамыз айында бастау алған «Мектепке жол» акциясы аясындада көмекке мұқтаж отбасыларға әлеуметтік санаттарын ескере отырып,оқу формалары,оқу құралдары және қаржылай көмектер көрсетілді. Мектеп әкімшілігімен бірлескен түрде облыс, облыстан тыс жерлердегі демалыс лагерлеріне қамту, қамқорлық акциялары биылғы оқу жылындада жалғасын таба бермек.
Қамқоршылық кеңес Шешімі:
- Жалпы білім беретін №9 орта мектеп бойынша білім алушыларды жазғы демалыс лагерлеріне қамтылу көрсеткішін жақсы деп бағалаймыз
- «Мектепке жол» акциясы аясында көмекке мұқтаж отбасы балаларын оқу формалары,оқу құралдарымен қамту шаралары жақсы ұйымдастырылған деп бағалаймыз
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Е.Тұрған
Қамқоршылық кеңес мүшелері: А.Қалиева
Ә.Сүйінова
Ұ.Жазит
Ж.Сатаева
Т.Бекбауов
Ә.Қайыров
Т.Бимағанбетов
М.Әлібеков
Қамқоршылық кеңес хатшысы: С.Избасова













